22.11.2016, 16:47
Оқылды: 36

Боксшы өрендердің жеңісі

img-20161118-wa0005Бостандық орта мектебінің боксшы оқушылары жаттығудан қалып көрмеген. Жас спортшылардың жетістіктерге жетіп жүргендері жаттықтырушысы Асланбек Сармалаевтің еңбегі. Үйірмедегі оқушыларын тынбай жаттықтырып, жарыстарға қатыстыртып, шыңдап келеді.

Сондай жарыстардың бірі  - 1-4 қараша аралығында көршілес Александров-Гай ауданында өткен Кеңес одағының батыры Ф.Д.Глуховты еске алуға арналған XIX турнир. Турнирге Ресей, Татарстан, Әзербайжан және Қазақстан боксшылары қатысты. Осы жарысқа 34 келі салмақта Бекарыс Маратов 3 орынды, Мереке Ермек 44 келі салмақта 2 орынды алып, Ресей Федерациясының спорт шеберлігіне үміткерлік дәрежесін қорғады. Сондай-ақ бокшыларымыз Талдықорған қаласында өткен Моңғолия, Қырғызстан, Өзбекстан, Қытай мемелекеттері арасында өткен Халықаралық турнирге де қатысып қайтты. Жарыс қорытындысы бойынша Тұрарбек Қалиев қола жүлде иегері атанды. Ал, Қызылорда қаласында өткен КСРО спорт шебері Қамбар Андашевті еске алуға арналған турнирде Санжар Марксов 1 орын алып, алтын медальмен оралды.

Сондай-ақ балғын өрендер 14-17 қараша күндері Орал қаласында 2001-2002 жылғы жасөспірімдер арасындағы БҚО чемпионатына қатысты. Жарыста өздерінің техникалық  шеберліктерінің арқасында 54 келі салмақта Наурызбек Есенов пен 48 келі салмақта Айхан Қадырбеков алтын медальды жеңіп алып, Маңғыстау облысында өтетін Қазақстан Республикасының чемпионатына жолдама алды. Ал Жоламан Мақсотов пен Женсерік Ғалымжанов үшінші орынға табан тіреді.

Гауһар Әділжан

Қазталов ауданы

www.zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале