28.10.2015, 9:14
Оқылды: 38

Болар ел жас ұрпақ қамын ұмытпайды

болар елАқжайық ауданының әкімі Әділ Жоламанов Тайпаққа жұмыс сапары барысында еңбек ұжымдарымен, тұрғындармен жүздесті, қариялармен кең жайылған дастарқан басында дидарласты.

Осылардың бәрінде үлкен ауданның бүгінгісі мен келешегі жайында ой-толғамдар ортаға салынды. Аудан басшысы алдағы уақытта қолға алынатын үлкен істер туралы жан-жақты баяндап берді.

Болар ел ең алдымен бала қамын дәйектейтіні мәлім. Осы орайдағы бір қам-қарекет – Шабдаржап ауылында жаңа мектеп салудың жайы. Бұл хақында облыс басшылығы жақсы біледі. Жаңа білім ордасын көтеру байыпты әңгіме болып жүр. Жуырда оған алдын ала жер де байқасталды.

Кездесулерде Әділ Тауфиқұлы жастар тәрбиесіне қатысты ауқымды міндеттерді қаузады, ауылдың қайсыбір мұқтажына үлкендердің, кәсіпкерлердің белсене араласуы тірлікті жандандыратынын айтты.

Краснояр орта мектебін, спорт кешенін, колледжді аралау барысында ол тәрбие мен білім сапасын арттыруды ерекше қаперге салды. Колледж дәуір талабына сай мамандықтар беріп, нағыз кадрлар ұясына айналуы үшін оны ауылдарда насихаттаудың маңызына да оқытушылардың мықты назарын аударды.

www.zhaikpress.kz

Болат ҚОСЖАНҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале