23.12.2015, 11:25
Оқылды: 30

Болашағымыз айқын, жолымыз ашық

 Zelenov joldau  Зеленов ауданы Дариян ауылында Елбасының «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауын талқылау бойынша актив жиналысы өтті.

Активке аудан әкімінің орынбасары А.Досжанов, ішкі саясат бөлімінің басшысы  Т.Жүнісова, аудандық жұмыспен қамту  және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің орынбасары  Г.Жучкова және  ауылдық округтің активтері қатысты.


Жиынды жүргізген аудан әкімінің орынбасары Асылұлан Тұрсынұлы округтің  әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы қысқаша баяндап, Жолдауда көрсетілген мақсат-міндеттер бойынша  атқарылған жұмыстарға  тоқталды.

Әрі қарай сөзді жалғастырған Г.Жучкова құжатта көрсетілген  бағыттар бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің аудан көлемінде атқарған жұмыстарын баяндап, бірліктің арқасында Елбасымыздың еңселі бастамаларын табысты іске  асыру - басты міндетіміз, -деп түйіндеді.

Сондай-ақ, Талшынай Орынбекқызы биылғы стратегиялық құжаттың мемлекеттің өркендеуіне негіз, аймақтың дамуына жол ашатын басым бағыттары турасында сөз қозғады. Ауданымыздың экономикалық ахуалын, халықтың тұрмыс-тіршілігін жақсартуға бағытталған шаралардың орындалуы жолында жемісті еңбекке жұмылуымыз қажет, -деді бөлім басшысы.

Сонымен қатар жиналыста сөйлеген  аудандық мәслихат хатшысы Р.Исмағұлов, Дариян ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Х.Ерғалиев, Дариян ауылдық «Червоно Руто» украин  этно-мәдени орталығы басшысының орынбасары А. Колпаковалар да Елбасы Жолдауын орындау мақсатына  арналған  біраз мәселелерді тілге тиек етті.

Басқосуды қорытындылаған аудан әкімінің орынбасары Дариян ауылының әкімі Болат Ерболатовқа аудан әкімі  К.Жақыповтың атынан «Алғыс хат» табыстады.

www.zhaikpress.kz

Гүлжан АЯЗБАЕВА

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале