17.06.2016, 12:35
Оқылды: 20

Болашағы бар бастама

????????????????????????????????????

   16 маусымда өңіріміздің  Пойма ауылында орналасқан «Теректі май зауыты» ЖШС-де аймағымызда дәнді-дақылдармен айналысатын шаруа қожалықтардың басшыларына кездесу ұйымдастырылды.

  Осы басқосуға аудан әкімі Мұрат Мұқаев, аудан басшысының орынбасары Серік Нұрмағанбетов, ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы Ержан Досмақов және кәсіпкерлік бөлімінің бастығы Жандос Нығметов қатысты.


     Аудан әкімі бастаған топ, қожалық басшылары зауыттың бас директоры Мұрат Жәкібаев тілдесіп, алдағы жоспарларымен танысты. Облыстағы іргелі зауыттардың қатарына қосылуды, халыққа сапалы өнім беруді көздейтін аталмыш зауыт өнімінің өсімін көбейтуді ойлайды. Шетелдік бірнеше компаниялармен де келіссөздерге қол қойылған.

     Жиында сөз болған басты мәселе – шаруа қожалықтарында егілген дәнді-дақылдардың өнімін басқа жерге өткізбей, өзіміздің аудандағы «Теректі май зауыты» ЖШС-не әкеп тапсыру. Егер қожалық басшылары бұл ұсынысты қабыл алса, өзіміздің өңірден шыққан таза өнімді өзге мемлекеттерге экспорттауға болады. Зауыт директоры осы мәселе төңірегінде істі қалай қолға алып, жандандыруға болатынын, кімге қандай мөлшерде пайда түсетінін жіті түсіндірді

    Бүгінде бұл зауытта аудан бойынша 60-тан астам адам жұмыс жасайды.

www.zhaikpress.kz
Күлімхан Тасенова

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале