8.04.2016, 16:25
Оқылды: 47

Болашағы біртұтас  ел

100 nakti kadamБайрағымыз көк аспанда желбіреген, Елтаңбамыз елдігімізді танытқан, Әнұранымыз жер жүзіне шалықтаған, Қазақ деген азат елдің тәуелсіз ұрпағымыз.Татулық пен достықты ту еткен халықпыз.  Қазақ елі – тілі, діні, салт-дәстүрі мен тарихы, мәдениеті бар тұғырлы ел. Тарихымыздан ата-бабаларымыздан қалған асыл мұра ретінде ар-намыс, жігер-қайрат, қайтпас қайсарлық бүгінгі келешек ұрпаққа дейін жеткенін көреміз.


 

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы ретінде қазақ елін әлемге әйгілі еткен тұңғыш Президентіміз – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен жаһанға аты жайылған мемлекетке айналдық.

Елбасымыз – көреген саясаткер, кемел ойлы кемеңгер, қасиет дарыған қайраткер, бір сөзбен айтқанда. елін ұлы көшке сүйреген көшбасшы, біртуар азамат екені даусыз. Ең қиын-қыстау кезінде мемлекет басына келіп, шексіз ұлтжандылықпен рух биіктігін көрсетіп, елін өркендеу мен көркею жолына түсірген ізгі жан туралы жылы лебіздерді көптеп келтіруге болады.

Елбасымыздың көрегендігінің арқасында Арқа төсінде орналасқан Елордамыз, бас қаламыз – Астана қаласы тұрғызылды. Бұл туралы көшбасшымыз: «Бұл болашағымызға керек, қызығын келер ұрпақ көреді», - деген болатын. Сол себепті, егеменді еліміздің тәуелсіз азаматтары үшін Астана – жеріміздің жаңа дәуір белгісі. Талай іс-шаралардың ордасына айналып, әлем назарын өзіне аударған Астана – әр қазақтың жүрек төрінен орын алатын киелі мекені екені даусыз.

Елбасымыздың дана басшылығымен еліміздің экономикасы көтеріліп, халқымыздың әл-әуқаты артып, саяси реформалар жүргізіліп, адам құқын қорғау мен сөз бостандығы өркениет өрісіне сай қамтамасыз ету салаларында ауыз толтырып айтарлықтай қомақты шаруалар атқарылды және де табыстарға жетті. Республикамыз бірқатар халықаралық ауқымды шараларға бастамашы болып үлгерді. Сонымен қатар ел ішіндегі этносаралық татулық пен дінаралық келісім үдерістері өзгелерге үлгі етерліктей дәрежеге көтерілді. Жер шарының көптеген мемлекеттерімен достық, ынтымақтастық тұрғысында қарым-қатынас орнаттық. Алайда байлық пен абырой, жаңарулар мен жаңғырулар аспаннан жаумайды. Оған жетуден үміткер елдің еңкейген кәрісі мен жел көкірек жасы тек нәтижелі еңбек пен тұғырлы ғылымға ғана арқа сүйеу қажет. Осы екеуіне тәу еткен халық мұратымызға жетеміз. Сонда халқымыздың әл-ауқаты көтеріледі, сонда барып бізді әлем мойындайды, сонда барып, Қазақстан жер бетіндегі азулы 30 мемлекеттің қатарынан ойып отырып орын алады. Қазақстанның біртұтас ел болуы дегеніміздің бір парасы осындай. Елімізде алдағы 15-17 жыл ішінде аса ауқымды өзгерістер мен жаңғыртулар болмақ. Бұл мұраттарға жету оңай емес. Әр 5 жылдықтың мойнына артылар жүк аса ауқымды. Берілген тапсырмалар дер кезінде орындалғанда ғана біз мақсаттырымызға жетеміз.

Қазіргі таңда еліміз маңыздылығы жоғары бірталай ұйымдарға мүше болып кірді. Солардың бірі және бірегейі Біріккен Ұлттар Ұйымы, Еуропалық Қауіпсіздік Ынтымақтастық Ұйымы және т.б. Міне, осындай өрлеу жолында бірталай жетістіктерге жете отырып дамыған мемлекеттердің қатарына да қосылдық. Жастарымыздың білім алу, ізденіс жолында барлық жағдай жасалған. Сауатты да саналы жастар қазір еліміздің гүлдену жолында аянбай еңбек етіп жатыр. Елбасымыз айтқандай: «Болашақ – жастардың қолында». Бізге осындай сенім артқан елбасымыз бен еліміз тұрғанда болашақ бұлыңғыр болмас. Ата-бабаларымыздың аңсаған асыл мұраты, толассыз тарих қойнауынан қан мен тер арқылы келген тәуелсіздігіміз, бейбітшілік пен келісімді биік еткен қазақ елі, жер жаһанға белгілі Қазақстан Республикасы атты мемлекетіміз тұрғанда Болашағы біртұтас ел боламыз. Өткен күннен сабақ алып, келер күнге нық қадам бассақ алынбайтын қамал жоқ.

www.zhaikpress.kz

Ж.Есболатова,

Жәңгір хан атындағы БҚАТУ

Ветеринарлық медицина және

биотехнология факультеті,

«Ветеринарлық медицина»

мамандығының студенттері 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале