23.06.2015, 15:12
Оқылды: 31

Болашаққа бастайтын сара жол

Janibek bolashakka bastaitin sara jol   Жәнібек ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында  Елбасы Н. Назарбаевтың бес институционалдық реформасын талқылауға арналған жиын өтіп, оған ауылдық округтердің әкімдері, дербес бөлімдер мен мекемелердің басшылары, қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Жиынды ашқан аудан әкімі Мұрат Мұқаев баяндама жасау үшін сөз кезегін аудан әкімінің орынбасары Аманжол Қадырбековке берді.

Бұдан кейін жарыссөзге қатысқан аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Амангелді Уәлиев, Борсы ауылдық округінің әкімі Айгүл Бекқалиева, аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың басшысы Мөлдір Әбдірешова 100 нақты қадамға байланысты өз ой-пікірлерін ортаға салды.

Жиынды аудан әкімі Мұрат Мұқаев қорытындылады.

www.zhaikpress.kz

    Асқар ҚҰСАЙЫНОВ

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале