25.12.2015, 20:52
Оқылды: 29

«БОЛАШАҚҚА КӨЗҚАРАС»

   Esendosov     Ағымдағы жылдың 30 қараша күні Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев "Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму" атты Қазақстан халқына Жолдауын жолдады.

      Елбасының әр жылғы Жолдауы - стратегиялық маңыздылығы мен белгілі бір мерзімде нақты міндеттер мен мәселелердің шешілуін қамтамасыз етуге бағытталған тарихи құжат.


      Елбасы  осы  Жолдауында  да  бүгінгі  әлемдік  ахуалдың  күрделі  кезеңмен ұштасып отырғанын, алпауыт елдердің өзара санкциялары дүниені тығырыққа тірегенін айтып, мұндай аса жауапты сәтте бірліктің сақталуы аса маңызды екенін, сондай-ақ, барша қоғам ел игілігі үшін аянбай тер төгу қажеттігін атап өтті.

     «Біріміз бәріміз үшін, бәріміз біріміз үшін деген қағиданы ұстанып, еңбек етуге тиіспіз. Сәт сайын құбылған аласапыранға сай амал табуымыз керек. Ең жақсы жоспар уақыт талабына бейімделген жоспар болып саналады. Біз де заманның беталысына қарай, межелерімізді белгілеп, жоспарларымызды жөндеп отыруымыз қажет.

      Біздің мақсатымыз - елі бақытты, жері гүлденген Отанымыз Қазақстанды Мәңгілік Ел ету», - деді Н.Ә.Назарбаев.

      Жолдауда 5 институционалдық реформа 100 нақты қадам – Ұлт жоспары бойынша берілген тапсырмаларға орай жаңа маңызды заңдарға қол қойылғандығы, аталған заңдардың 2016 жылдың басынан бастап жүзеге асырылатындығы айтылды.

       Бұдан бөлек, Елбасы Қазақстанның алдағы межесі әлемдегі ең дамыған                              30 мемлекеттің қатарына қосылып, бай да қуатты елдермен иық түйістіру мақсат екенін атап өтті. «Қазақстан-2050» бағдарламасын екі жыл бұрын жариялаған кезде, бұл межеге жетуге жолымызда қиындықтар кездесетінін, соған дайын болып, тиісті шаралар қабылдау керектігін айтқан болатынбыз. Біз осы мақсатқа жұмылғанда жететін боламыз. Мен бүгін жаңа қатерлер мен тың мүмкіндіктер қатар өрбіген жаңа жаһандық нақты ахуалда дамудың басты бағыттарын айқындайтын Қазақстан халқына арнаған Жолдауымды жариялаймын», - деді Н.Ә.Назарбаев.

        Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын тыңдай келе, Жолдауда негізгі мәселелер қозғалғанын, жаңа міндеттер мен мақсаттар халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталатынын атап өткім келеді, аудан тұрғындарын Елбасы Жолдауына қолдау көрсетіп, бірлесе жұмыстарды ары қарай жалғастыруға шақырамын. Осы Жолдау еліміздің болашақ дамуында маңызды рөл атқарады деп ойлаймын.

www.zhaikpress.kz  

Мербол ЕСЕНДОСОВ

Қаратөбе аудандық

ішкі саясат бөлімінің басшысы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале