11.08.2015, 20:59
Оқылды: 22

Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі

 

IMG_9025Ақжайық ауданының орталығы Чапаевта жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті.

Жәрмеңкеде оқу бітіріп келген жас мұғалімдер де өз мамандықтары бойынша аудан мектептеріне жолдама алды. Барлығы 94 бос жұмыс орны ұсынылды. Оқу орындарына 26 жас маман, «Васильев» жеке кәсіпорнына 3, «Омаров» жеке кәсіпорнына 1, Чапаев орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесіне 1, туберкулезден емдеу ауруханасына 2 адам жұмысқа орналасты. Аталған шараға 74 жұмыссыз қатысып, оның 33-і еңбек етуге жолдама алды.

Осында жұмысқа орналасқандардың бірі Нұрбек Селеуов. Ол Өзбекстаннан келген оралман болатын.

– Мен осы Чапаевқа жанұяммен келіп орналастым. Біраз уақыт жұмыссыз жүрдім. Жұмыспен қамту орталығына арыз бердім. Бүгін міне, бос жұмыс орындарының жәрмеңкесінде туберкулезден емдеу ауруханасына жұмысқа орналастым,-деді ол.

www.zhaikpress.kz

Тілектес САҒЫН

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале