11.03.2016, 19:34
Оқылды: 17

Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті

????????????????????????????????????

 Зеленов аудандық жұмыспен қамту оратылғы Переметный ауылында бос жұмыс орындарының жәрмеңкесін өткізді. Халық арасында жұмыссыздықты қысқарытып, мектеп пен колледж түлектерінің мамандық таңдауда дұрыс бағыт-бағдар беру мақсатында ұымдастырылған шараның ашылуында жұмыспен қамту орталығының басшысы Виктор Баштавенко: «Бос жұмыс орындарын жәрменкесі барлық мәселелеріңді шешіп бермегенімен алдағы уақытта жұмыс табуларыңызға септігін тигізеді.


Бұл шараға аудан орталығы мен округтерде қызмет жасап отырған барлық мекемелер мен шаруа қожалық басшылары, жеке кәсіп иелері келіп отыр. Жалпы алғанда 20-дан астам жұмыс беруші біздің шарамызға атсалысуда. Сондай-ақ орталық мамандарына жолығып, жастар тәжірибесі, қайта даярлау курстары туралы біле аласыздар. Берілген мүмкіндікті пайдаланып, қоғамға және өздеріңе пайдасы тиер жұмысқа орналасыңыздар»,-деп қатысушыларға сәттілік тіледі.

 Кейін жұмыс іздеген жандар әр мекеме шаруа қожалық басшыларына жолығып, өздерінің түйіндемелерін беріп, сауалнамаларды толтырды.

 www.zhaikpress.kz

Түгелбай Бисен

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале