12.10.2016, 9:51
Оқылды: 23

Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі

%d0%b1%d0%be%d1%81-%d0%b6%d2%b1%d0%bc%d1%8b%d1%81-%d0%be%d1%80%d1%8b%d0%bd%d0%b4%d0%b0%d1%80%d1%8b%d0%bd%d1%8b%d2%a3-%d0%b6%d3%99%d1%80%d0%bc%d0%b5%d2%a3%d0%ba%d0%b5%d1%81%d1%96   Жәнібек аудандық мәдениет үйінде аудандық халықты жұмыспен қамту орталығы және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының жылдық жұмыс жоспарына сай  «Жалпыға ортақ еңбек қоғамы» атты бос жұмыс орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Жәрмеңкеге 34 жұмыс беруші өкілдер қатысып, 86 бос жұмыс орындары ұсынылды. Шарада аудан әкімі аппаратының басшысы Жақсылық Абдолов аталған жәрмеңкенің  жұмыссыздық деңгейін төмендету мақсатында өткізіліп жатырғанын, жұмыссыздарға жұмыс тауып беруге осында мүмкіндік болатынын атап өтіп, жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілерге сәттілік тіледі.


Аудандық жұмыспен қамту орталығының маманы Зухра Давлетчинаның мәліметінше, жәрмеңкенің нәтижесінде 38 адам жұмысқа орналасса, олардың басым көпшілігі жылыту жүйесінің операторлары мен киім ілушілер болып саналады.

                                                                                    Н.Өтей

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале