7.01.2016, 1:49
Оқылды: 21

Бос өтпеген демалыс

  Zelenov doibi Балалардың қысқы демалыс кезіндегі бос уақытын тиімді етіп өткізуді, оларды спортқа баулуды мақсат еткен Зеленов ауданы Дариян ауылдық округінің ардагерлер кеңесі дойбы және шахмат ойынынан достық турнирін ұйымдастырды. Жарыстың ашылу салтанатында сөз алған ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Х. Ерғалиева турнирге қатысуға ниет білдірген оқушыларға ризашылығын білдіріп, ең мықты, ойы ұшқыр, бабы мен бағы келіскен ойыншы жеңіске жетсін деген тілегін білдірді.


Ауылдағы қос мектеп оқушыларын шаршы тақта алдында кедестірген достық турнирі өте тартысты өтті. Дойбышылар жарысында 7 сынып оқушысы Серік Сарбасов жеңіске жетсе, шахматшылар арасында ІІІ орынды Кирилл Застеба, ІІ орынды Ержан Түгелбаев еншілесе, бас бәйгені 6 сынып оқушысы Махамбет Құтжанов жеңіп алды. Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерге бағалы сыйлықтар мен мақтау қағаздары табысталды.

www.zhaikpress.kz

Түгелбай Бисен

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале