25.05.2015, 20:37
Оқылды: 23

«Брест естеліктері жадымызда»

Estelik keshi Gylbarshin apa   Оралдағы мектептен тыс жұмыс орталығының бастамасымен Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай ұйымдастырылған «Менің елім – Мәңгілік ел» фестивалі аясында «Беларуссия. Өткен жылдар жарасы. Жүректе сақталған естеліктер...» атты естелік кеш ұйымдастырылды.

Орталықтың акт залында өткен шараға үлкенді-кішілі көрермендер көп жиналды. Орталықтың тәрбиеленушілері ҰОС алғашқы күндері жау соққысына ерлікпен тойтарыс берген  солдаттардың қаҺармандығы жайында әңгімеледі. Брест қамалының шағын гарнизоны гитлершіл­дердің тегеурініне  төтеп беріп, ең таңдаулы деген «Ұлы рейх» армиясының 45-жаяу әскерлер дивизиясымен табандатқан бір ай бойы шайқасты. Брест қорғанысына 3 мыңнан аса қазақстан­дық­ қатысты. 

Слайдтар арқылы Хатынь мемориалды ескерткіші көрсетіліп, қатысушылар бір минөт үнсіздікпен қаза тапқандарды еске алды. Естелік кешіне жиналған ұл-қыз Белоруссия үшін әскери жорықтарға қатысқан Павел Букаткиннің естеліктерін ұйып тыңдады. Кештің құрметті қонағы «Грамада» белорусь мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі басқармасының төрағасы Михаил Беляев еліміздегі тыныштықтың түрлі ұлт пен ұлыстардың арасындағы өзара түсіністік пен келісімнің арқасында сақталып отырғандығын, бүгінде республика аумағындағы 60 мыңнан астам белорустың Қазақстанның толық құқылы тұрғындары ретінде жайлы өмір сүріп жатқанын айтып берді.

«Октава» вокальдық студияның орындауындағы белорусь әндері мен «Адажио», «Жұлдыз»  би топтарының ұлттық билері  (жетекшісі О. Гузь және А. Салықова) қатысушыларының көңілінен шықты.

www.zhaikpress.kz

Гүлнар ШӘҢГЕРЕЙ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале