22.07.2015, 13:14
Оқылды: 30

Бруцеллезбен күресетін жұмыс топтары құрылды

Akjayik brucelez  Малдан жұғатын бруцеллездің алдын алу бұл таңдағы бұл таңдағы көкейкесті мәселенің бірі. Өкінішке қарай, жайбасарлық, сақтықты ұмыту мал иелерінен, тұрғындардан әлі күнге тіпті айқын байқалады. Ақжайық ауданында сондықтан оны жұқтырып алу оқиғасы азаймай отыр. Талдау осыны сөзсіз көрсетуде.

Егер адам бруцеллезбен ауырып қалса, бірден-ақ дәрігерге жүгінсе, жазылып шығады. Еш кешігуге болмайды. Міне, апта басында ауданның бас дәрігері Дархан Хайрушев бастаған ақ желеңділердің Қарауылтөбе, Базартөбе, Базаршолан және Тайпақ ауылдарына барып, тұрғындармен жүздесуінде, аулаларды аралауында әңгіме осы туралы болды. Дерт негізінен қой-ешкіден жұғып жүр. Сапар барысында дәрігерлер тұрғындарға жаднама таратты, ауру малдан уақыт өткізбей құтылу, медицина мекемелеріне қаралып тұруды қаперге салды. Аталған ауылдарда бруцеллезбен күрес жөніндегі жұмыс топтары құрылды.

www.zhaikpress.kz

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале