6.01.2016, 19:08
Оқылды: 24

Бударинге балық аулауға келген ресейліктің бірі қазаға ұшырады

 Akjayik rak umer  3 қаңтар күні кешкісін Ақжайық ауданы Бударин ауылдық округіне қарасты «Самаркина» қыстағы маңындағы өзеннен балық аулауға келген ресейлік үш азаматтың бірі көз жұмды.


   Аудандық ішкі істер бөлімінен түскен мәліметке қарағанда, туристік палатканы тіккен аталған үшеуі оны жылыту және тамақ дайындау мақсатында жорық газ плитасын бар қуатына қосып, қауіпсіздік ережесін сақтауды ұмытып кеткен. Соның салдарынан палатка ішіне жиналған улы газ 1975 жылғы А. деген азаматқа қатты әсер етіп, ол сол жерде көз жұмған. Оның сүйегі облыстық аурухананың мәйітханасына жеткізілді.

www.zhaikpress.kz

Елжан Ералы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале