21.06.2016, 10:48
Оқылды: 22

Бударинде бір емес, екі әжелер ансамблі бар

????????????????????????????????????

    Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған «Асқақтай бер, Тәуелсіз ел – Қазақстан!» атты көркемөнерпаздар фестивалінің кезегін Ақжайық ауданының орталығында Бударин ауылдық округінің өкілдері алды.


   Бударинде осыған дейін ардагер педагог, имандылықтың, дәстүріміздің жаршысы Ғайни Машаева жетекшілік ететін, облысымызға танымал халықтық «Жайдарман» әжелер ансамблі болса, мерейтойжылы тағы бір осындай ұжым өмірге келіпті. Жаңадан бас құраған, мәдениет қызметкері Анар Есеналиев тізгінін қолға алған «Мейірім» әжелер ансамблі сахнаны  құлпыртып жіберді.

   Будариндіктер фестиваль эстафетасын көршілес Жаңабұлақ ауылдық округіне табыс етті. Фестиваль Тәуелсіздік күні қарсаңында қорытындыланады.

www.zhaikpress.kz
Жансұлу ЖАҢАБАЙ
Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале