13.10.2015, 16:45
Оқылды: 52

Будариндік «Жайдарман» әжелер ансамбліне – 8 жыл

ажелерБұл ұжым Бударин ауылдық Мәдениет үйі жанынан абзал азамат Құрмантай Сүндетұлының ұйымдастыруымен 2007 жылы құрылды. Жылдар жүзінде топқа Нұрболат Дәулетқалиев, Нұрболат Нұрсейілұлы, Анар Есеналиевалар көркемдік жетекші болды. 2013 жылы «Жайдарман» ансамблі «Халықтық өнерпаздар ұжымы» атағын алды. Талай мәрте аудандық, облыстық шараларда жүлдегер атанып жүр.  

Концерттік ұлттық киімдерді ансамбль алғаш құрылған кезде әжелер өз зейнетақыларына тіктірсе, кейін аудан қазынасынан қаражат бөлінді.

Әнші әжелердің репертуарында «Құсни-Қорлан», «Жайдарман», «Дедімай-ау», «Сәбиім», «Әридай», «Еділ мен Жайық», «Илигай», «Жеті арал», «Ағажан, Ләтипа», «Бір бала», «Ойжайлау», «Ақбаян», «Жылқы ішінде бір ала», «Ақ жайнақ», «Ерлікке ескерткіш», «Мәртебелі ел», «Атамекен», т.б. әндер орындалады.

Ансамбль құрамы негізінен зейнеткер ұстаздардан тұрады. Мәрзия Қалмырзақызы, Әсия Шоқанқызы, Қарлығаш Ғабдуалықызы, Роза Мақсотқызы, мектеп пен бұрынғы ұжымшардың еңбек ардагерлері Татьяна Мұстафина, Қанипа Елеусінова, Нұрсұлу Зейнеденова, Сағира Меңдешева, Гүлраушан Сапарова, Шолпан Шаманова, Қансұлу Серікбаевалар аудан, облыс көлеміндегі сан шараларға атсалысуда. Концерттік бағдарламамен ауданның, облыстың елді мекендерінде, Орал қаласында болып, қалың жұрттың ыстық ықыласы мен қошеметтеріне бөленіп жүр.

www.zhaikpress.kz

Ғайни МАШАЕВА,

«Жайдарман» әжелер ансамблінің мүшесі,

халық ағарту ісінің озық қызметкері.

Ақжайық ауданы

Бударин ауылы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале