3.08.2015, 17:47
Оқылды: 19

Бюджетке 10 миллион теңге

Prokuraturasi oral   Жуырда еліміздің Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің БҚО бойынша басқармасында аталмыш мекеменің үстіміздегі жылдың бірінші жартыжылдығына қатысты жұмыс нәтижелері жайлы брифинг өтті.

Шара барысында Орал қаласы бойынша аға прокурор Руслан Бұсырманов және арнайы есеп бөлімінің басшысы Гүлнара Ибрашева журналистерге аталған бағытта атқарылған істер туралы баяндап берді.

Көрсетілген аралықта қылмыстар саны 18,5 пайызға өскенімен аса ауыр санатты қылмыстар 35,8, ауыр қылмыстар 2,3 және ауырлығы орташа қылмыстар  8,9 пайызға азайған.

Басқарма бастамасы бойынша ішкі істер және әділет органдары бірігіп айыппұл төлемеушілерді анықтау жөніндегі рейдтер жүргізілген. Нәтижесінде сот орындаушылары тоқтату салған 520 көлік арнайы тұрақтарға қойылып, бюджетке 10 миллионнан астам теңге өндірілген.

Басқармаға ағымдағы жылы денсаулық сақтау және санитария бойынша 135, сот әділдігі бойынша 95, тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 61, ТҮКШ мәселелері бойынша 44 өтініш келіп түскен.

Бүгінгі таңда комитет Елбасы ұсынған 100 нақты қадамды жүзеге асыру аясында «Қылмыстық құқық бұзушылықтар картасы» интернет порталын құру үстінде. Оның негізіне қолданыстағы қылмыстылық картасы алынған.

www.zhaikpress.kz

Нұртас НАБИОЛЛАҰЛЫ

«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале