19.05.2016, 17:04
Оқылды: 31

Бюджетті тиімді пайдалану-тиянақты істерге бастама

Shingirlau biudjet     Шыңғырлау ауданында өткен 2015 жылда аудан бюджетіне2 млрд. 275 млн. 225 мың 800 теңге қаржы түсуі жоспарланған еді, 2016 жылдың 1 қаңтарына бұл көрсеткіш  2 млрд. 289 млн. 993 мың 900 теңге түсті, орындалуы 100,6 % құрады деп хабарлайды ауданның экономика және қаржы бөлімінің басшысы Сағидолла Тұрғалиев.


    Соның ішінде, жеке түсімдер жоспары – 301 млн. 785 мың теңгеге межеленіп, нәтиже 316 млн. 553 мың теңгені құрап отыр, яғни, жоспардың орындалуы- 104,5 %.  Өткен жылға бюджеттің шығыс бөлігінде 2 млрд. 275 млн. 225 мың 800 теңге көлемінде қаржы игеру жоспарланды, бұл бағытта 2016 жылдың 1 қаңтарына – 2 млрд. 261 млн. 122 мың 500 теңге игерілген. Нәтижесінде, 2015 жылдың қортындысы бойынша аудан бюджетінде 28 млн. 871 мың 400 теңге бос қалдықтар қалды немесе үнемделген.

   Осы қаражатқа ауданда бірқатар шаралар жүзеге асуда. Атап айтқанда аудан орталығының көшелерінің жолдарында, Шыңғырлау селосының архитектуралық келбетін жақсарту мақсатында, әлеуметтік ғимараттарда ағымды жөндеу жұмыстары атқарылуда. Сонымен бірге білім беру және мәдениет салаларының да бірқатар өзекті мәселелер шешілуде.

   Жоғарыда аталған жұмыстармен қатар ауданымызда республикалық «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында өткен 2015 жылы ауданымыз бойынша 18 жас маман, соның ішінде білім беру саласының 11 маманы, денсаулық сақтау саласының 5 маманы, ветеринария, спорт салаларының 1 мамандары жалпы сомасы 50 млн. 540 мың теңгеге тұрғын үй сатып алды.

    Сонымен қатар, 25 маманға, соның ішінде білім беру саласының 18 маманына, денсаулық сақтау саласының 2 маманына, ветеринария саласының 4 маманына, мәдениет саласының 1 маманына 3 млн. 467 мың 600 теңге көлемінде көтерме жәрдемақы төленді.

   Өткен 2015 жылы «2020 жылға дейінгі Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша 12 ауылдық елді мекендерде 13 млн. 803 мың теңге қаражатқа көшелерді жарықтандыру, қоқыстар шығару, аулаларда балалар алаңқайын орнату жұмыстары жүргізілді.

www.zhaikpress.kz

«Серпін» редакциясы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале