22.06.2016, 17:00
Оқылды: 25

Бюро отырысы өтті

бюро отырысы өттіМаусымның 22-сі күні аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы Саяси кеңес бюросының отырысы өтті.


Отырысқа Саяси кеңес бюро мүшелері – Д.Ғазез, А.Дүйсенова, Р.Мүсәлімова, В.Фролов пен С.Аманбаевтар қатысты. Бюро талқысына күн тәртібіндегі «Нұр Отан» партиясынан аудандық сайлау комиссиясының құрамына кандидат ұсыну және аталмыш филиалдың қоғамдық қабылдау бөлмесіндегі аудандық мәслихат депутаттарының биылғы жылдың екінші жартыжылдығына азаматтарды қоғамдық қабылдау кестесін бекіту туралы мәселесі ұсынылды.

Бірінші мәселе бойынша партия мүшесі, аудан әкімінің орынбасары Азамат Сафималиевтің кандидатурасы дауысқа салынып, бірауыздан қолдау тауып, шешім шығарылды. Ал екінші мәселеде бюро талқысына түсіп, бекітілді.

www.zhaikpress.kz
Манас Маратұлы
Тасқала ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале