23.12.2015, 11:33
Оқылды: 27

Біздің Бибол нағыз батыр

Akajyik biboil    Ақпарат құралдарында бұдан бұрын хабарлағанындай, Алматы облысындағы Жетіген ауылынан шығып, жоғалып кеткен жиырма жасар Айзада Авлатарованы тапқан ҚР Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5571-әскери бөлімінің қызметкерлеріне жуырда құрмет көрсетіліп, соның ішінде ефрейтор Бибол Бинұровқа туған жеріне – БҚО-дағы Ақжайық ауданына барып-қайтуға кезектен тыс демалыс жарияланған еді.


    Аталған аудандағы Алмалы ауылына келген Б.Бинұровты тұрғындар қошеметпен қарсылады, сарбазбен үлкен кездесу өткізілді.

    Ал бүгін үлкен ауданның мақтанышы болып табылатын Бибол Мерекеұлын әкесі Мерекемен және анасы Гүлжайнамен бірге аудан әкімі Әділ Жоламанов қабылдап, естелік сыйлық тапсырды, аудан активі алдында оған зор қошемет көрсетті.

    «Ұлттық ұлан» жауынгерлерінің, оның ішінде Ақжайық түлегінің батылдық көрсеткен зор мақтан тұтады,- деді аудан басшысы. – Қызды кепілдікке алған күдікті бұрын үш мәрте сотталған кәнігі қылмыскер болып шықты. Оны құрықтау қаншалықты қауіпке түскенін айтып жату артық шығар. Сіз секілді жауынгерлер біздің нағыз қорғаушыларымыз, сүйеніштеріміз, мерейіміз. Осындай ұл тәрбиелеген ата-анаңа зор рақмет!

    Б.Бинұров өзіне көрсетілген қошемет үшін әкімге, ақжайықтықтарға алғысын арнады.

www.zhaikpress.kz

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале