19.09.2015, 10:36
Оқылды: 45

Біздің күшіміз – бірлікте

Janibek bizdin kyshimiz birlikteЖәнібек аудандық Достық  үйінде осындай тақырыпта дөңгелек үстел оздырылып, оған аудан орталығында тұратын өзге ұлт өкілдері қатысты. Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 20 жыл толу мерекесіне арналған жиында  аудан тұрғыны Наталья Сажина «Біздің күшіміз-бірлікте» атты баяндама жасап, Елбасының бастамасымен осыдан жиырма жыл бұрын дүниеге келген Қазақстан халқы Ассамблеясының елдегі көп ұлтты халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға дәнекер болып келе жатқандығын айқын деректер келтіре отырып, жан-жақты сөз етсе, аудан тұрғыны Сәния Ғайношева аудан орталығында ашылған достық үйінің ауданды мекендейтін басқа ұлттардың тілі мен мәдениетін, салт-дәстүрін насихаттау мен үйрену орталығына айналғанын, сол сияқты аудан аумағында тұратын әр ұлт өкілдерінің бір-бірімен жарасып, бір шаңырақтың астында тату-тәтті отбасын құрып, өзгелерге үлгі боларлықтай өмір сүріп отырғандықтарын баяндады.   

Әзірбайжан ұлтының өкілі Тамара Кафарова сөз алып, еліміздегі көп ұлтты халықтардың құтты мекені - мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында өркениетке қарай қарышты қадам басып бара жатқандығын сүйінішпен айтып, аудан орталығындағы Достық үйінің ауданды мекендейтін барлық ұлттар мен ұлыстардың бас қосатын орны екендігін, осының бәрі еліміздегі халықтардың тұрақтылық пен төзімділікті басты бағдар қылып ұстағандығының нәтижесінде жүзеге асқандығын мақтанышпен мәлім етті. Сонымен қатар дөңгелек үстел басында аукцион ұйымдастырылып, онда мемлекеттік тілді меңгеруге құштарлық танытқан өзге ұлт өкілдеріне сыйлықтар табысталды.

www.zhaikpress.kz

Н.Өтей

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале