15.10.2015, 17:12
Оқылды: 29

Біздің қыздар - чемпион!  

 

волейболВолейболдан ауыл тұрғындары арасында өткен Батыс Қазақстан облысының бірінші чемпионатында Бөрлі ауданының үш бірдей қыздар командасы чемпион болып оралды.

Бұл командалар үш жас ерекшелігі бойынша, яғни он жеті жасқа дейінгі жасөспірімдер, 18-ден 20 жасқа дейінгі жастар және 21 жастан асқан қыздар командалары болып құрылған. Жаттықтырушы Қасымжан Габдуллиннің қыздары енді қараша айында Шымкент және Павлодар қалаларында өтетін ел чемпионатында облыс намысын қорғайтын болады.

«КАПРАЛ» ЖШС директоры болып қызмет ететін Қасымжан Бахытжанұлы Бөрлі ардагерлер құрамының мүшесі болып табылады. Алғашында ұлдармен жұмыс істеген ол 2013 жылдан бері қыздарды жаттықтырып келеді екен. «Сол кезден бері тек жеңіс тұғырынан көрініп келеміз. Ол үшін қыздарыма рахмет айтамын. Команда капитаны Оразғалиева Айнұр қыздарды дайындап, көп жұмысты өзі тындыра береді. Қазір Айнұрды бапкерліктің қыр-сырына үйретіп жүрмін. Бізге қашанда қолдау білдіріп отыратын жандар да бар. Аудан әкімдігіне, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Қ. Насипов пен балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің директоры А.Исановқа, спорт залын ұсынған №4 мектеп директоры М.Махауоваға алғысым зор», - дейді жаттықтырушы.

www.zhaikpress.kz

Ясипа РАБАЕВА

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале