22.10.2015, 9:04
Оқылды: 36

«Біз мықтымыз! Біздің қолымыздан бәрі келеді!»

каратобе спортМейірбандық күніне орай Қаратөбе аудандық дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде даму мүмкіндігі шектеулі жандар арасында ұйымдастырылған аудандық спорттық жарыс «Біз мықтымыз! Біздің қолымыздан бәрі келеді!» ұранын ұстанды.

Жарыстың ашылу салтанатында аудан әкімі Асхат Шахаров, аудандық мүгедектер қоғамының төрағасы Сайлау Фазылов, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Баян Жамбылова сөз сөйледі.

Спорттың төрт түрінен өткен бәсекеге ауданның 8 ауылдық округінен құрама командалар қатысып, лайықты ойын өрнегін көрсетті.

каратобе спорт (1)Жарыс қорытындысында қол күресі (армрестлинг) Нұрсұлтан Маренов (Қаратөбе), үстел теннисі ерлер арасында Жұмабай Оразақаев (Қаратөбе), әйелдер арасында Жазира Айболатқызы (Қаратөбе), бір орыннан ұзындыққа секіру бойынша Қайрат Қарақұлов (Аққозы), әйелдер арасында Шолпан Андирова (Жусандыой), дойбыдан ерлер арасында Серік Сабыров (Саралжын), әйелдер арасында Жазира Айболатқызы (Қаратөбе) жеңімпаз атанды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге, қатысушыларға дипломдар мен сыйлықтар табыс етілді. Жарыстың ұйымдастырушысы - «Қаратөбе» спорт клубы.

www.zhaikpress.kz

 Ертай БИМҰХАНОВ

Қаратөбе ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале