22.06.2015, 17:46
Оқылды: 16

Білігі бекем хирург

Janibek biligi bekem hirurg  Медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында аудандық аурухананың хирургі Марат Ералиев  медицина қызметкерлері  күніне орай өткізілген  облыстық байқаудың  «Адам өміріне  араша болып, сәтті  ота жасағаны үшін» номинациясы бойынша жеңімпаз атанып, денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қ.Ирменовтың қолы қойылған сертификатқа ие болды.

Адам баласы үшін ең қымбат – денсаулық екенін ұқтырып, өмір мен өлім айқасқан кезде адам жаны үшін  араша түсетін абзал жандардың ішінде Марат Ғұмарұлының қашан да шоқтығы биік, бәсі басым. Өткен жылы  өрімдей жас баланың  абайсызда ауыр халге ұшырағанында  өміріне араша болып, он екі мүшесі сау қалуына  Марат  ағаның  тәуекелге барып, көзсіз ерлік көрсеткені  аудан жұртшылығының есінде.

www.zhaikpress.kz

Меңдігүл ҒАРИФОЛЛАҚЫЗЫ

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале