22.07.2015, 13:18
Оқылды: 24

Білікті мамандардың үйретері мол

Sirim bilikti mamandardin yireteri kop   Батыс Қазақстан медициналық колледжі жанындағы біліктілікті арттыру және қайта даярлау бөлімі мен симуляциялық орталық мамандары аудандық орталық ауруханада медицина қызметкерлерінің біліктіліктерін арттыруда «Денсаулық сақтаудың басым бағыттары және жедел көмек көрсету» тақырыбында  жеделдетілген шеберлік сыныптарын өткізді.

Біліктілікті арттыру және қайта даярлау бөлімі директорының орынбасары, врач-хирург А.Қайрекешов, Батыс Қазақстан медициналық колледжі жанындағы симуляциялық орталықтың директоры, врач-терапевт Г.Алмагамбетова, облыстық клиникалық орталықтың акушері М.Максименко, врач-лаборант С.Байболатова, врач-педиатр Л.Кубаева, Батыс Қазақстан медициналық колледжі жанындағы біліктілікті арттыру және қайта даярлау бөлімінің меңгерушісі, врач-терапевт А.Ерғалиева медициналық көмек көрсету деңгейін арттыруда жаңа  қазіргі заманғы құралдармен, манекен, үлгі-муляждармен, сондай-ақ түрлі аппараттармен, спирометр, тонометр, глюкометрлерді пайдалану арқылы орта буын қызметкерлерінің білік дағдыларын  көтеруге мол мүмкіндік туғызды.

www.zhaikpress.kz

Мәншүк Ерниязова

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале