22.11.2015, 19:51
Оқылды: 33

Білімді жастар – ел болашағы!

Medkolledj   Бір ғасыр тарихы бар Батыс Қазақстан медициналық колледжінде Елбасы күніне орай, студенттердің бойына патриоттық сезімді ұялату мақсатында «Білімді жастар-ел болашағы» деген акция шеңберінде белсенді де көшбасшы студенттерді салтанатты түрде өзін-өзі басқару комитетіне қабылдап, төс белгісін табыстау рәсімі өтті.


Аталған шара бүгінгі жас буынға айтылған Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Жалынды жастар-Қазақстанның жарқын болашағы» деген үндеу сөзін  бейнетаспа арқылы көрсетіп, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалды. Колледж директорының  орынбасарлары Баянсұлу Шонаева мен Асылбек Қаламбет «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» деген ұранмен «Студенттер өзін-өзі басқару» комитетіне қабылданса, ал қоғамдық іс-шараларға белсенді 30 студент «Менің Қазақстаным-менің болашағым!», «Молодежь сильный Казахстан» деген ұранмен колледж директорының атынан алғыс хаттар марапатталды. Сондай-ақ осы шарада «Студенттер өзін-өзі басқару» комитетінің төрайымы болып, емдеу Ісі бөлімінің ІІ курс студенті Нұргүл Қуғанова тағайындалса, Жас Отан Жастар Қанатының көшбасшысы болып колледждің Мейірбике ісі бөлімінің І курс студенттері Динара Байбосынова мен Сұлтанбек Бисекен тағайындалды. Бұл оқу орынының дәстүріне айналған «Студенттер комитетінің символын» колледждің үздік түлегі Абылай Иманғалиев Нұргүл Қуғановаға табыс етті.

Шараға катысқандарды  облыстық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының бөлім басшысы Нұржан Аткимов пен Орал Альянсі корпоративтік қоры көшбасшысының міндетін атқарушысы Оралбек Жандауов құттықтады

www.zhaikpress.kz

Тойжан Ақболатова

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале