8.06.2015, 20:07
Оқылды: 22

Білім алу жолындағы депозит

temirbank_obrazovatelny.jpg_0Батыс Қазақстан облыстық мәслихаттың ғимаратында  «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесінің» таныстырылымы өтті.

-Мемлекеттік білім берудің жинақтау жүйесі перзенттерінің болашақта оқитын оқу орындарының  ақысын  төлеу үшін ақшалай қаражатты жоспарлы жинақтау мүмкіндігін ұсынады. Еліміздің кез келген азаматы жасына қарамастан банктің салымшысы бола алады. Салымшы банкпен мемлекеттік білім берудің жинақтау салымы туралы шарт жасайды және есепшот ашады. Кем дегенде 3 АЕК болатын бастапқы жарна енгізеді, бұл 5 946 теңгені құрайды. Осы жинақтарды тек білім алу үшін ғана пайдалануы мүмкін.  Банктік салым шартында көрсетілгендей 8%-дан 10%-ға дейін банктен сыйақы берілсе, 7 %-ға дейін мемлекеттен сыйақы беріледі. Шарттың мерзімі өткен кезде оқуды төлеу үшін қажетті сома оқу орнының есепшотына аударылады. Жиналған сома оқуға жеткіліксіз болған жағдайда  салымшыға жетіспей тұрған сома үшін білім беру кредитін алу  мүмкіндігі ұсынады,- деді ҚР Білім және ғылым министрлігінің білім несиелерін кепілдендіру және жобаларды дамыту департаментінің менеджері Динар Ожанова.

www.zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале