10.10.2016, 16:36
Оқылды: 69

Білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жолдары талқыланды

%d0%b1%d1%96%d0%bb%d1%96%d0%bc-%d0%b1%d0%b5%d1%80%d1%83-%d1%81%d0%b0%d0%bb%d0%b0%d1%81%d1%8bБатыс Қазақстан облысының «Нұр Отан» партиясының филиалында Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі қоғамдық кеңесі және партиялық бақылау комиссиясының біріккен отырысы өтті. Жиында 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасын» іске асыру бойынша Жол картасын жүзеге асыру барысы талқыланды.

Отырыста Орал қаласының білім беру бөлімінің 2016 жылдың 9 ай қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және білім саласында орын алған сыбайлас жемқорлық фактілері жайында Орал қалалық білім беру бөлімінің басшысы Жансұлу Төремұратова баяндама жасады.

Бөлім басшысы Орал қаласының білім беру бөліміндегі 2012 жылдан бастап 2016 жылға дейінгі жемқорлық фактілерінің көрсеткіштерін егжей-тегжейлі айтып өтті. Баяндамадан белгілі болғандай 2012 жылы 1 жемқорлық құқықбұзушылық фактісі, 2014 жылы 4, 2015 жылы 3, 2016 жылдың тоғыз айында 3 құқықбұзушылық фактісі тіркелсе, 2013 жылы білім саласында сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық болмаған.

Білім саласында сыбайлас жемқорлық қылмыстарына барғандардың көбі балабақша меңгерушілері және мектеп директорлары екені айтылды.

– 2015 жылы №49, №20 және №15 балабақша меңгерушілері пара алғаны, сондай-ақ заңды бұзғаны үшін істі болған. Атап айтқанда, №20 балабақша меңгерушісі Асия Тулегенова бір миллион теңге көлемінде бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша ұсталды. Ал 2016 жылы №45 мектеп директоры 71 мың көлемінде пара алғаны үшін істі болды. Осындай әрекеттері үшін лауазымды тұлғалар жұмыстан шығарылып, айыппұл төледі және мемлекеттік қызметте жұмыс жасауына өмір бойы тыйым салынды, - деп нақты фактілерді атап өтті.

Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Серік Хайырұлы жемқорлықпен күресте «Нұр Отан» партиясының рөлі ерекше екендігін тілге тиек етті.

-Білім саласында бастауыш партия ұйымдарының жұмысын жетілдіруге жағдай тудыруымыз қажет және олар өз мүшелерінен осы мәселелер бойынша партиялық тәртіптің қатаң сақталуын талап етулері тиіс. Сонымен қатар  балабақша, мектеп басшылары білім беру жүйесінде құқықбұзушылықты болдырмау  мақсатында өздерінің жеке жауапкершілігін жете сезінулері керек, - деді ол.

www.zhaikpress.kz

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале