1.04.2016, 18:40
Оқылды: 39

Білім беру қызметкерлерінің алқа мәжілісі өтті

Karatobe bilim beru kizmeti      Қаратөбе аудандық білім беру бөлімінің мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Сатқан Өмірзақовтың қатысуымен алқа мәжілісі өткізілді. Мәжіліске аудандық білім беру бөлімінің басшысы Жасұлан Сұлтан, аудандық білім беру бөлімінің мамандары мен әдіскерлері, мектеп директорлары, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.


Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Қаракөл ЖОББМБ, Қоскөл ЖОББМ және де Ханкөл жалпы орта білім беретін мектептеріндегі ҰБТ-ға дайындық жұмыстары туралы аудандық әдістемелік кабинет меңгерушісі Гүлнафис Құспанова баяндады. Оның айтуынша, Қаракөл ЖОББМБ мектеп бітіруші түлектер – 13, оның 11-і ниет білдіруде. Қоскөл ЖОББМ – 16, соның 11-і, Ханкөл ЖОББМ – 5, оның 4-еуі ҰБТ-ге қатысуға ниет білдіруде.

Аудан бойынша 8 түлек «Алтын белгіге» үміткер болса, соның біреуі  Ханкөл ЖОББМ оқушы Е.Махсотов. Мектепшілік сынақтар аптасына бір рет өткізіліп тұратындығы, талдау жасалып, жіберілген қателіктермен жұмыс жүргізілгендігі қаперге салынды.

Жиын барысында сынақ кезінде үш мектепке талдау жасалып, өткізілген сынақтар барысында өсу байқалғандығы жөнінде айтылды.

 Күн тәртібіндегі екінші мәселе Мұхит атындағы ЖОББМ, Соналы ЖОББМ және Қалдығайты ЖОББМ-де «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Заңының орындалу барысы жөнінде аудандық білім беру бөлімінің тәрбие жұмысы жөніндегі әдіскері Айдана Төлегенова жоғарыда аталған мектептерде кәмелетке толмағандардың арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу бағыттында тәрбие сағаттары, дөңгелек үстелдер, семинар-кеңестер өткізіліп тұратындығы жөнінде баяндады.

Мәжіліс қорытындысында мектеп директорларына тиісті тапсырмалар берілді.

www.zhaikpress.kz

Тоты АСҚАРҚЫЗЫ

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале