30.05.2016, 13:05
Оқылды: 23

Білім сапасы сынақтарда сарапталмақ

emtihanШыңғырлау ауданы мектептерінде аралық емтихандар басталды. 5-8, 10 сыныптардағы келесі сыныпқа көшу емтихандары 27-31 мамыр  аралығында, ал 9 сынып сынақтары 30 мамыр мен 15 маусым аралығында өткізіліп болмақшы. 5-8 сыныптар аралығы 1 пәннен, ал 10 сыныптар ауызша және жазбаша түрде 2 пәннен тапсырмақ. Үздік бітіргендер бұл сынақтардан босатылады.


Бүгінгі таңда аудан орталығындағы Л.Қылышев атындағы Шилі ОЖББ мектебінде 128 үздік, 255 екпінді оқушы тіркеліп отыр. Мектеп бітіруші түлектер саны 38 оқушы. 2 түлек «Алтын белгіге», 4 түлек «Үздік аттестатқа» үміткерлер қатарында.

Аудан бойынша оқу жылын тәмәмдаған 1956 оқушының 431-і үздіктер, ал 705-і екпінділер санатында.

- Биыл аудан бойынша 97 мектеп бітіруші ҰБТ сынағын 2 маусымда тапсырады. «Алтын белгіге» үміткер 6 түлек алдағы ҰБТ-де өз білімдерін дәлелдеп, сенімді ақтайды деп күтудеміз. 7 оқушы «Үздік аттестатқа» үміткер.

Жалпы, қыстайғы өткізілген сынақтарда оқушылар орта есеппен алғанда 85,5 % нәтиже көрсетіп келді,- дейді аудандық білім бөлімінің бас маманы Эльмира Алпамысова.

www.zhaikpress.kz

Қаршыға Елемесов,

Шыңғырлау ауданы 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале