8.06.2016, 19:52
Оқылды: 33

БІРЛЕСЕ ЖҰМЫС АТҚАРУЫМЫЗ КЕРЕК

 borli birlese zhymys atkaruymyz kerek   Бөрлі ауданы әкімі А.Халелов ауданымыздағы жеке шаруа қожалығының басшылары және кәсіпкерлермен кездесті.

   Алғаш боп сөз алған аудан әкімі Алдияр Сансызбайұлы аталмыш кездесудің мақсат міндеттерін атап өтті. «Ауданымызда тіркелген 4398 шағын және орта бизнес субъектінің бүгінде 3466-сы өз кәсібін жүргізіп отыр.


   Біз 55 мың тұрғыны бар ауданымызды 100 пайыз өзіміздің өнімімізбен қамтамасыз етуіміз қажет. Және бұған барлық мүмкіндіктеріміз де бар. Ауылшаршуашылығын дамытып, кәсібін дөңгелетем деген адамға мемлекет тарапынан түрлі бағдарламалар жүзеге асырылуда. Ауданымызда ауылшаруашылығын дамыту үшін бірлесе жұмыс атқаруымыз керек. Әлемге аты әйгілі Қарашығанақ компаниясына қараған тұрғындардың бастарын ауыл жаққа бұру – бүгінгі міндет. Шешілмейтін түйін болмайтынын айта келе сіздерді бірлесе жұмыс жасауға шақырамын»  - деген Алдияр Сансызбайұлы мінберге шыққан әр жанның арыз-шағымын мұқият тыңдады. «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ директорының орынбасары М. Абдулов және «ШҚҰ «Теректі финанс» ЖШС-нің директоры» Р. Бурпиев, сонымен қатар «Европалық қайта құру және даму банкінің» маманы А. Өтебаевтар несие алудың оңтайлы жолдары мен бағдарламаларын ұсынды. Өз кезегінде шаруа қожалық басшыларының бірі түрлі ұйымдардың несие берудегі әлегін айтып шағымданып, аудан басшыларына аудан бюджетінен пайыссыз несие ретінде ақша бөліп, шаруалардың ісің оңтайландыру бағдарламасын жасауды ұсынса, екіншісі астықты апаратын ауданымыздыға элеваторлардың жұмыс жасамайтындығын айттып өтті.

   Ал енді бірі сиыр сүтін қайда жіберін білмейтіндігін, еңбектеніп баққан малдың еті арзан бағаға сатылып, өз-өзін ақтамайтындығын және қойдың жүні мен терісін тапсыратын жердің жоқтығын айтып өтті. Сонымен қатар жиынға қатысушылар қысты күні қардың уақытылы тазаланбауы, кәсіпкерлерге берілетін несие пайызының жоғары екендігін, көшелердегі тазалықтың сын көтермейтіндігін, Ақсай-Александровка жолдының нашарлығын айтып шағымданды.

   Аудан басшысы А. Халелов болса бағаның тұрақты болуы үшін көкөніс сақтайтын қойма салу керектігін, шаруаларға пайыссыз несие беу үшін арнайы бағдарлама дайындалатыдығын, тұрғындарды тазалыққа шақыратын түрлі байқаулар ұйымдастырылатындығын айтты.

   Аудан игілігі үшін жұмыс жасап, еңбектің жемісін көрем деген жандарға көмек қолын аямауға уәде берген Алдияр Сансызбайұлы барлық айтылған арыз-шағымдарға жауап беріп, өзінің бақылауында болатындығын атты.

 www.zhaikpress.kz

БӨРЛІ АУДАНЫ
Айым НҰРҒАЛИЕВА

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале