17.03.2015, 9:48
Оқылды: 22

Бірлескен бұйрыққа қол қойды

img_9791


ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаменті мен облыстық тексеру комиссиясы өзара әрекет ету қағидасы мен бірлескен бұйрыққа қол қойды.


Бұл келісім тұлғалардың іс-қимылында жемқорлық қылмыстар және қаржылық құқықбұзушылықтардың белгілері бар материалдардың берілу тәртібін, ақпараттардың алмасуын реттейді. Сонымен қатар құқықбұзушылыққа жол берген адамдарға әкімшілік, тәртіптік ықпал ету шараларын қолдануға және жергілікті бюджеттің орынды жұмсалуын, қаржылық тәртіпті күшейту жөніндегі Мемлекет басшысы қойған міндеттерді іске асыруға мүмкіндік туғызады.

- Аталған келісім Елбасымыздың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты халыққа Жолдауында көрсетілген Ұлттық қордан 2015-2017 жылға дейінгі кезеңге жыл сайын қосымша бөлінетін қаржыларды тиімді әрі оңтайлы пайдаланып, орынды жұмсалуына қатаң қадағалау орнату мақсатында жасалып отыр, - деді БҚО бойынша тексеру комиссиясының төрағасы Амангелді Нұғманов.


Өз тілшіміз

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале