3.08.2015, 17:12
Оқылды: 27

Бірлескен істе береке бар

Bokei 00202    Бөкейордасы аудандық ішкі істер бөлімі жанынан құрылған қоғамдық кеңестің алғашқы отырысы «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы ғимаратында өтті. Оны аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы, полиция полковнигі Абай Алдабергенов ашып, қоғамдық кеңестің мүшелерімен (аудандық мәслихат хатшысы Ерболат Қабденұлы Таңатов, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының орынбасары Тілеген Керейұлы Арыстанбеков, аудандық «Нарын шуағы» әйелдер қоғамдық бірлестігінің төрайымы Гүлжан Исағалиқызы Бисекенова, аудандық «Орда жұлдызы» газетінің редакторы Бауыржан Махутұлы Бисенов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Қабденұлы Таңатов, ішкі істер органдарының ардагері, аудандық ішкі істер бөлімі ардагерлер кеңесінің төрағасы Исатай Фазылұлы Бекқалиев) таныстырды.

Кеңестің мақсат-міндеттеріне кеңінен тоқталып, ауданымызда орын алып жатқан келеңсіздіктердің алдын алу бағытында ақпараттық насихат жұмыстарын үдете түсу қажеттігін сөз етті. Осылайша, кеңес отырысының күн тәртібіне қойылған алғашқы мәселе аяқталған соң, Абай Қапанұлы қоғамдық кеңес төрағалығына доғарыстағы полиция полковнигі Исатай Фазылұлының кандидатурасын ұсынып, ол бірауыздан қолдау тапты.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале