23.06.2015, 15:19
Оқылды: 23

Бірлесіп жұмыстануға шақырған кездесу

Taskala birlesip jymistanuga kezdesu    Маусымның 22-сі күні Тасқала аудандық ішкі істер бөлімінде «Намыс» жастар қоғамдық бірлестігі мен жастар ресурстық орталығы және ішкі істер бөлімінің қолдауымен жастарды жұмысқа орналастыру мәселесі төңірегінде кездесу өтті.

Кездесуге аудандық пробация қызметінің аға инспекторы Е.Аймағамбетов, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы Р.Бермұқанов, аудандық әділет басқармасының бас маманы Л.Бекқалиева, жастар ресурстық орталығының басшысы А.Қодаров және аудандық пробация қызметі есебінде тұрған сотталғандар қатысты. Отырыста Ербол Самиғоллаұлы баяндама жасап, шартты сотталғандарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету, қоғамдық жұмыстарға тарту және жұмысқа орналастыру жөнінде жергілікті мемлекеттік басқару органдарымен бірлесіп жұмыстануға шақырды. Шара соңында қатысушылар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, оларға мамандар тұшымды жауаптар қайтарды.

www.zhaikpress.kz

Манас Маратұлы

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале