12.11.2015, 11:09
Оқылды: 17

«Бірлігі бар ел бақуатты болмақ»

Shingirlau birligi bar el bolmak «Өлі риза болмай, тірі байымайды» деген  халық мақалы бар.

Жақсы дәстүрді жалғастыру – біліктінің ісі. Лубен ауылының әкімі Ғабдел Жұмашев  ауыл әкімі болған аз уақыт ішінде ел көңіліне қонатын біраз істерге ұйытқы болды. Соның бірі ауыл сыртындағы зиратты қоршау үшін онда жатқан адамдардың тума-туысқандарынан қаржылай көмек жиналып, темір тормен әдемі қоршалды. Зират басына шағын үй салынды. 

Игі іске, ауылымыздың еңбекқор, қоғамдық жұмыстарды белсене атқарып жүрген ауыл азаматтары А.Сарбаев, С.Қылышев, Т.Амангельдиев, А.Жиеналиев, Т.Жангаскиев, К.Жангаскиев, Э.Қылышев, Ш.Бисалиев, Б.Мусин, Ж.Уриспаев, Ж.Жармуханов т. б. Н.Қанатов техникасын беріп, қол ұшын созды.

Бұл іс ауылымыздың ынтымағымыздың беріктігін көрсеткен келер ұрпаққа маңызы зор тәрбиелік шара болды.Халық бас иіп, алғыстарын жаудыруда.

Болашақта Лубен – Қайыңды  арасындағы «Марқа» мәйіті, Сұлукөл ауылындағы мәйіттер қоршалмақ, дайындық жұмыстары басталып кетті.

www.zhaikpress.kz

С.Қылышева

Лубен ауылы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале