22.06.2016, 18:11
Оқылды: 27

Бірлігі  бекем елдің  берекесі  баянды

zelenov BozhkoДариян ауылындағы М.Шолохов атындағы мемориалдық мұражайда ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары, Мәжіліс  депутаты Владимир Божконың арнайы қатысуымен басқосу болып өтті.


Жиынға БҚО  Қазақстан Халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Ғайса Қапақов, облыс әкімінің бірінші орынбасары  Арман  Өтеғұлов,  аудан әкімі  Кәрім Жақыпов, аудан  әкімінің  орынбасары Асылұлан Досжанов, мәслихат  хатшысы  Рамазан Исмағұлов, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Талшынай Жүніс , Дариян  ауылының әкімі  Болат  Ерболатов және этно -мәдени  орталықтың  өкілдері  қатысты.

Алдымен  сөз алған  Мәжіліс депутаты В.Божко ел бірлігін нығайту  жолындағы өңіріміздегі атқарылған  жұмыстарға тоқталды.

Сонымен бірге Парламент  депутаттарының заң жобалары, кодекстері мен электр қуаты,  денсаулық  ,  жүргізуші  куәлігі секілді өзге де мәселелерді  тілге  тиек  етті.

Ал Дариян ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Хамит Ерғалиев Парламент депутатына өлкемізге арнайы келіп, мазмұнды  да келелі ойларымен бөліскеніне алғысын білдірсе, украин этно-мәдени орталығының мүшесі, Дариян мектебінің мұғалімі Александра Колпакова, белорус  этно-мәдени орталығының жетекшісі Прасковья Старцевалар өздерін толғандырған ойларын ортаға салды.

www.zhaikpress.kz
Гүлжан СЕРІКҚЫЗЫ

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале