23.09.2016, 16:50
Оқылды: 18

Бірлігі берекелі аудан күні тойланбақ

img-20160923-wa0005Зеленов ауданы әкімінің орынбасары Ринат Шауеновтің төрағалығымен  аудан күнін өткізуге арналған  комиссия отырысы өтті.


 

Айта кетейік, дәулеті ортаймай, ырысы шайқалмай татулықтың бесігінде тербелген, бірлігі берекелі, тірлігі мерекелі ауданымыздың күнін алдағы айдың басында ауқымды түрде атап өту жоспарда.

Осы орайда аудандық мәслихат хатшысы Рамазан Ысмағұлов, аудандық бөлім басшылары, қоғамдық кеңес төрағалары, ұйымдастыру бөлімі және ауыл әкімдері бас қосып, ой-пікірлерімен бөлісті.

Түрлі ұлт пен ұлыс бір шаңырақ астында ұйысып тату-тәтті ғұмыр кешіп жатырған өркенді өңірдің күніне арналған мерекелік шаралар жасақталып, қазіргі таңда дайындықтың алғы кезеңдері басталып та кетті.

Комиссия отырысында Ринат Сатымұлы іс-шаралардың жоғары деңгейде өтуіне көпшілікті бір кісідей атсалысуға шақырып, сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.

Аудан күнін өткізу шеңберінде  ауыл шаруашылық жәрмеңкесі, лотореялық билет, спорттық ойындар, ат жарыс тағы да басқа шаралар ұйымдастырылады деп күтілуде.

 

Айшабибі МӘМЕТ

Зеленов ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале