26.08.2015, 17:05
Оқылды: 21

Бірлікке жетелейтін ұлт жоспары

Реформа.Бөрлі ауданы әкімінің орынбасары А.Сафималиев төрағалық етуімен мемлекет басшысының бес институттық реформасын жүзеге асыруға бағытталған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру бойынша дөңгелек үстел өтті.

Басқосуға Қазақстан халқы Ассамблеясының БҚО филиалының мүшелері, аудандық қоғамдық келісім кеңесінің мүшелері, аудандағы кәсіпорындар өкілдері, аудан бойынша Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын насихаттаушы топ мүшелері, жастар қоғамдық бірлестіктері мен БАҚ өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстелге қатысушылар осы жоспардың «Біртектілік пен бірлік» атты төртінші бағыты бойынша «Ұлтаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделін насихаттау негізінде қазақстандық біртектілікті нығайту» тақырыбы төңірегінде өз ойларын ортаға салып, өзара пікір алмасты.

2013 жылдан бері аудандағы барлық ауылдық округте және 4 кәсіпорында қоғамдық келісім кеңесі құрылған. Аудандағы қоғамдық келісім кеңесі төрағасының орынбасары И.Ізмағамбетов, кеңестің хатшысы Б.Окаева, «Ақсайгазсервис» АҚ  қоғамдық кеңес төрағасының орынбасары А.Искаковалар қоғам мен еңбек ұжымындағы татулық пен келісімді нығайту жолында атқарылып нақты шаралар туралы айтты.

Қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Бокаев, «Аналар кеңесінің» төрайымы Р.Нарбулатова, т.б. осы ауқымды жоспарды кеңінен түсіндіру қажеттігін, отбасындағы ынтымақ халық бірлігін, мемлекеттілігімізді нығайта түсетіндігін тілге тиек етті.

www.zhaikpress.kz

Ясипа РАБАЕВА

Бөрлі ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале