12.07.2016, 10:55
Оқылды: 21

Бірлік арқасында мақсатымызға жетеміз

????????????????????????????????????

  Қазталов ауданының әкімі Нұрлан Бекқайыр ауданымыздың елді мекендерін аралап, ауыл тұрғындарының тыныс-тіршілгімен танысып қайтты.

  Жұмыс сапарын аудан басшысы Қараөзен ауылдық округіне қарасты Жас елді мекенінен бастады.


  Мұндағы клуб, кітапхана ғимараттарының аралап, шатырының қатты желде түгелдей ұшырып алып кеткендігін көріп, осы ай ішінде ауыстыратындығын жеткізді. Сонымен қатар Талдыапан ауылдық округіне қарасты Сарықұдық, Қайшақұдық, Қособа, Бейістерек, Талдықұдық округіне қарайтын Хайруш, Болашақ ауылдық округінің Аққурай, Көпкүтір, Мирон елді мекендерінде болып, ауыл тұрғындарымен жүздесті.

   Кездесу барысында елді мекендердің тыныс-тіршілігімен танысқан аудан әкімі Нұрлан Мағазұлы биылғы жыл ішінде округтерде істелініп жатқан игі істерге тоқталды. Ауданымызда біраз мәселелердің шешілгенін іссапар барысында көріп қайттық. Ауыл тұрғындары бұрынғыдай өздерінің жеке басының қамы үшін емес, ауылдың жағдайын айтып, кейбір мәселелер жөнінде әңгімелесті. Талдыапан округіне қарасты Қособа елді мекенінің тұрғындары асар әдісімен шағын орталық, кітапхана салуды жоспарласа, Хайруш елді мекенінде ауызсу мәселесішешілген, тоғандары қазылып, бүгінде судан толып тұр. Талдыапан-Қособа бағытындағы жолды көтеру, Хайруш елді мекенінде жылжымалы рентгенді ауылға әкелуге ұйымдастыру, электр бағаналарының ескілігін, Мирон мектебінің шатырын ауыстыру секілді мәселелерін айтты.

   - Қазіргі уақытта ауылдық жерлерде өз күштерімен істелініп жатқан біраз істердің куәсі болудамыз. Ол әрине елдің бірлігінің арқасы деп білемін. Ұжымдасып еңбек еткеннің арқасында ойлаған мақсатымызға жетеміз. Айтылған мәселелеріңіздің шешудің жолдарын қарастырамыз,-деді тұрғындармен кездесу барысында аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр.

www.zhaikpress.kz

Тұрарбек АҚМУРЗИН

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале