10.02.2016, 15:06
Оқылды: 20

Бірлік пен тұрақтылықты, жасампаздықты ту етіп алға басамыз

Janibek Nur Otan   Бүгін Жәнібек аудандық мәдениет үйінде «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының кезектен тыс жиырма бірінші конференциясы өткізілді. Жиынды аудандық партия филиалының төрағасы Мұрат Мұқаев ашып, жүргізіп отырды. Конференцияда мандат, есеп комиссиялары және хатшылық құрамның жұмыс органдары сайланды.


Конференцияда  аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Асхат Молдағалиев «Нұр Отан» партиясының «ҚАЗАҚСТАН-2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» атты сайлауалды бағдарламасы туралы баяндама жасады. Баяндама аяқталғаннан кейін оны талқылау басталып, жарыссөзге аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Амангелді Уәлиев, Ақоба ауылдық округінің әкімі, бастауыш партия ұйымының төрағасы Рауан Рахметуллин қатысты. Конференцияда сайлауалды бағдарлама мақұлданып, алдағы атқарылатын  істерге  қолданылатындығы туралы қаулы қабылданды. Конференция жұмысының келесі мәселесіне сәйкес «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы Саяси кеңесі мүшелерінің құрамы тізім бойынша ұсынылып, сайланды. Конференцияда «Нұр Отан» партиясынан аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер ұсынылды. Жиында, сондай-ақ  «Нұр Отан» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының он сегізінші конференциясына аудандық партия филиалынан делегаттар сайланды.

www.zhaikpress.kz

                                                                              Н.Өтей

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале