10.10.2015, 14:30
Оқылды: 15

Біртекті бірлікті халықпыз

ZH   Теректі ауданында ынтымақ пен бірліктің ұйытқысы болып отырған Достық үйінде  «Батыс Қазақстан облысының азаматтық альянсы» Ассоциациясының орындаушы директоры Гамал Түзелбаевтың ұйымдастырумен  мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар, ақпарат құралдары өкілдері дөңгелек үстел басына жиналды. Отырыс тақырыбы - «Ұлтаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық үлгісін насихаттау негізінде қазақстандық  біртектілікті нығайту». Мақсаты –Елбасы ұсынған «100 қадам» бағдарламасының 4 бағытында көрсетілген қазақстандық  біртектілік пен бірлік ұстанымдарын насихаттау.

Басқосуда «Ақ Отау» отбасы орталығының» төрайымы Алтынай Исқалиева «Отбасылық құндылықтардың азаматтық біртектілік пен келісімге аралық әсері» тақырыбына  баяндама оқыды. Одан соң сөз алған Теректі ауданы бойынша Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Мусағали Төлегенов «Қоғамдағы ұлтаралық және конфессияаралық келісім – тұрақты дамудың негізі» тақырыбына ой қозғады.

www.zhaikpress.kz

Камелия ӨТЕУ

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале