12.02.2016, 19:33
Оқылды: 14

Біріккен істе береке бар

Taskin sudun alidin alu jinalis   Облыс әкімдігінде облыстық төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі комиссияның отырысы өтті.

         Облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың төрағалығымен өткен жиынға мекеме-кәсіпорын басшылары және онлаин режимде аудан әкімдері қатысты.


Жиында негізінен төтенше жағдайлардың алдын алу бағытында былтыр облысымызда атқарылған жұмыстар, бұл бағыттағы биылғы жоспарлар, соның ішінде көктемгі су тасқынына қарсы іс-шаралар мәселесі қаралды. Сондай-ақ автокөлік жолдарының жағдайы мен азаматтық қорғаныс жайы да сөз болды.

         Жиынды ашқан облыс басшысы өткен жылы тиісті органдардың, мекеме-кәсіпорындардың ынтымақтаса жұмыс істеуінің нәтижесінде төтенше жағдайлардың алдын алуға қатысты көптеген жұмыс атқарылғанын баса айтты. Биыл да сәйкесінше жұмыстар жоспарға сай жүзеге асуы тиіс.

         Бірінші мәселеге байланысты баяндама жасаған облыстық төтенше жағдайлар басқармасының басшысы Марат Күлдіковтің айтуынша, былтыр табиғи және технолгендік бағыттағы 108 ТЖ оқиғасы тіркелген. Одан 195 адам зардап шекті, 51 жан қаза болды. Аталмыш мерзім ішінде құтқару жасағы 3271 рет «атқа қонған». Сөйтіп олар 451 адамды құтқарып, 1090 жанды эвакуациялады, 101 кісіге медициналық көмек көрсетті.

         Жиын барысында өзге де мекеме басшылары, Орал қаласы мен аудан әкімдері осы мәселелерге орай есеп берді.

www.zhaikpress.kz

Сәкен ӘБІЛХАЛЫҚОВ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале