4.04.2016, 11:50
Оқылды: 21

Біріншілік жеңімпазы

 Karatobe jenimpaz    ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Орал қаласында «Дені сау-ұлт, сенімді болашақ» акциясы аясында 2005-2006 жылдары туылған  жасөспірімдер арасында Қазақ күресінен өткен ашық қала біріншілігінде 35 келі салмақ дәрежесіне сай қаратөбелік жас палуан Батыр Жылқыбаев жүлделі  І орынды жеңіп алды.


     Батырдың жаттықтырушы бапкері Роман Сыдықов «Қаратөбенің абыройын асқақтатқан әйгілі палуан Еңсеп Досқалиевтің ізбасарлары сайыстарда намысты қолдан бермей, жеңіс тұғырынан көрініп келеді. Батыр да солардың қатарында. Жас палуанның  болашағынан зор үміт күтеміз»-дейді.

 www.zhaikpress.kz

Ерболат РАЙСОВ

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале