5.11.2015, 18:20
Оқылды: 25

Бір айға созылған қайырымдылық айлығы аяқталды

Karatobe shop01 Міне, көзді ашып - жұмғанша бір айға созылған қайырымдылық айлығы да аяқталды. Аталмыш айлықтағы игі істерден облысымыздың жастары еш қалыс қалған емес. Осыған орай, облыс көлемінде қайырымдылық іс-шаралары, түрлі акциялар көптеп ұйымдастырылды. Қайырымдылық айлығының аясында облыстық және аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтары, жастар ұйымдары белсенділік танытуда. Бұл ретте Зеленов, Қаратөбе, Сырым, Тасқала, Теректі, Шыңғырлау аудандарының жастар ресурстық орталықтары мен «Батыс-Қамқор» жастар қоғамдық бірлестіктерін де айтпай кетуге тағы болмас.

Айлық аясында ҰОС ардагерлеріне, қарттарымызға, жалғызбасты жандарға қол ұшын созып, баспанасын, аулаларын күл - қоқыстан тазартып, жөндеу қажет ететін үйлерді жөндеп, оларды сылап үй жағдайында көмектесті.

Сонымен қатар қаламыздағы барлық әлеуметтік нысандармен тығыз жұмыс жасап, айлық аясында бірнеше игі шаралар ұйымдастырылды. Жетім балалар, ата-анасының қарауынсыз қалған, мүмкіндігі шектеулі, көру қабілеті, есту қабілеті бұзылған жастармен де кездесіп, жай - күйін біліп, мұңын тыңдады. Оларға арналып ұйымдастырылған спорттық, мәдени шаралар да аз болмады.

 www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале