14.10.2016, 16:22
Оқылды: 27

Бір ауыз сөз үшін 25 жылды арқалаған атамыздың арбасы

%d0%b0%d2%9b%d1%82%d0%b0%d2%a3%d0%b4%d0%b0%d2%9b-%d0%b6%d1%8b%d0%bb%d0%b4%d0%b0%d1%80%d1%8b-%d0%b1%d1%96%d1%80-%d0%b0%d1%83%d1%8b%d0%b7-%d1%81%d3%a9%d0%b7-%d2%af%d1%88%d1%96%d0%bd-25-%d0%b6%d1%8b  Біздерге күбісі мен шкафын бермеген Зиба апамыз мұражайға тарихы бар арбаны сыйға тартатынын жеткізді. Ал, бұл арбаның тарихы мынандай. Зиба апамыздың қайын атасы Жұмағұл тілі өткір, әзілқой адам болған екен.


  Сонау 1937 жылдары зобалаңы кезінде қолдағы малдарды колхозға күшпен тартып алып кетіп жүрген.  Содан жекелердегі малдар біте келіп, уақ малдардың  (ешкі) текелері қалған.  Сол текелерді де уәкілдер келіп, тартып алған көрінеді. Бір күні аттылы уәкілдер тағы келе жатқан ғой.Сонда Жұмағұл атамыз: -тағы да «текелер» келе жатыр, -деп айтқан. Сол кездің қатаң саясаты бұндайды кешіре қойсын ба? Атамызды 25 жылға айдатып жіберіпті.

Жұмағұл атамыз мерзімін өтеп келгеннен кейін «Мырзалы» қыстағында  көзі жұмылғанға дейін өмір сүрді. Сол жерде жерленді. Ал, мына арбаны атамыз соғыстан кейін атына жегуге арнап жасатқан екен.

Алла қосса, тарихы жазылған осы арба «Сәйгүлік» жылқы музейінен орын алатын болады.

Серік ЖҰМАҒАЛИЕВ

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале