17.10.2016, 18:52
Оқылды: 16

Бір күнде екі балықшы суға кетті

%d1%80%d0%b5%d0%ba%d0%b0Батыс Қазақстан облысында балық аулап жүрген адамдардың суға кетуіне байланысты бір күнде екі оқиға тіркелді.


БҚО ТЖ департаментінен түскен мәліметке қарағанда, кеше сағат 18.00-де Ақжайық ауданы Мерген ауылдық округі аумағында, Первомай ауылынан 18 шақырым жерде Грачи-1 өзенінен балық аулау кезінде  Чапаев ауылының 1957 жылғы тұрғыны суға кеткен.

Өзен ортасында қайық аударылып, содан балықшы да бірге кеткен. Балықшының денесін оқиға куәгерлері шығарып алған.

Осыған ұқсас оқиға Теректі ауданы, Долинный ауылы маңында Солянка өзенінде 16 қазан күні сағат 12.30-да орын алды. Мұнда 1988 жылғы тұрғын балық аулау кезінде суға кеткен. Оның денесін құтқарушылар (3 адам, 1 техника) іздестіргенімен, әлі табылмай отыр.

Қазіргі кезде аталған оқиғалардың жай-жапсары анықталу үстінде.

Елжан ЕРАЛЫ

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале