17.02.2016, 10:18
Оқылды: 22

Бір мектепте 4 жұп егіз шәкірт, 1 жұп егіз ұстаз

????????????????????????????????????

 Зеленов ауданы Белес ауылындағы жалпы  орта білім  беретін мектеп-балабақшасында бүгінгі күні 268 шәкірт білім нәрімен сусындауда. Ал, соның ішінде төрт жұп егіздер бар екен.

Жалпы, егіз балалардың дүниеге келуі сирек кездесетін құбылыс. Бір-бірінен айнымайтын, әрі бірдей киімдер киіп алған жандарды көргенде, таңырқай қарайтынымыз рас.


Бір партаға жайғасқан Аман, Есен  Төлепқалиевтар ағымдағы жылы 11-сыныпты аяқтамақ. Екеуі де болшақта құрылысшы мамандығының жілігін шақсақ деп отырған шәкірттер. - Айналамыздағы адамдар бізді көргенде, «егізсіздер ме?» деп таңданып сұрап жатады. Бұл сауалға етіміз үйренді,-деп жымиды Аман мен Есен.

Ал,бір-бірінен аумайтын Роберт, Альберт Мұхитовтар 5 «б» сыныптың оқушылары. Бір көргенде оларды бірден ажырату қиын. Сонымен бірге осы сыныпта тағы да егіздер бар. Олар Гүлмира, Эльмира Батырбаевалар.  Жәйлі мінездерімен жанды бірден баурап алатын егіздердің бірі-дәрігер, бірі-ұстаз болғанды армандайды. Сондай-ақ, 5 «а» сынып оқушылары - Әсем,Әсет Қырымбаевтар жас та болса да әңгімешіл. Елгезек, пысық  екендері бірден көзге шалынады.

          -Егіздердің құрметіне білім ошағында байқау ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз,-дейді Белес мектеп-балабақшасының директоры Азамат  Майемер. Жөн-ақ.

           Айтпақшы, аталмыш білім ошағында тек оқушылар ғана емес, сонымен қоса Светлана, Надежда есімді егіз ұстаздар да бар екендігін айта кеткен жөн.

www.zhaikpress.kz

Самал ЖАМЕТ

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале