26.04.2016, 12:00
Оқылды: 20

Орал қаласының тұрғындары Чернобыль АЭС апатының зардаптарын жоюшыларға арналған мемориалдық кешен қасына жиналды

Nariman toregaliev    Осыдан тура отыз жыл бұрын Украинадағы Чернобыль атом электр станциясында  ірі радияциялық апат орын алды. Бүгін Орал қаласының тұрғындары осы қасіретті оқиғаны еске алуға Чернобыль АЭС апатының зардаптарын жоюшыларға арналған мемориалдық кешен қасына жиналды. Митингте қала əкімі Нариман Төреғалиев пен Ресей Федерациясының бас консульдігінің консулы Саид Забитов  сөз сөйлеп, Чернобыль  АЭС апатын жоюға қатысқандардың ерлігі кейінгі ұрпаққа зор үлгі екенін айтты. Кейін ескерткішке гүл  себеттері қойылды.


    Митинг облыстық жастар шығармашылығы орталығы залында оздырылған салтанатты шараға ұласты. Жиында Чернобыль АЭС-ының 4-блогында болған жарылыстың зардабы туралы бейнефильм көрсетілді. БҚО төтенше жағдайлар жөніндегі департаментіндегі басқарма басшысы Жеңіс Нығметов баяндама жасады.

    Ірі техногендік апаттың салдарынан əлемде 8,5 млн. адам радияциялық сəулеге ұшыраса, Украина аумағынан 404 мың тұрғын көшірілген.

     1986-1987 жылдары апат салдарын жоюға Кеңес Одағынан 600 мыңнан астам адам тартылса, соның ішінде Қазақстаннан 32 мың тұрғын қатысты. Осы қатарда болған 1000-нан астам батысқазақстандықтың 382-сінің бүгінде көзі тірі.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале