9.05.2016, 18:09
Оқылды: 28

БҚО əкімі ардагерлерге күй тартып берді (ФОТО, ВИДЕО)

Screenshot_2016-05-09-15-08-23-1Тағайындалғанына көп бола қоймаған Батыс Қазақстан облысының əкімі Алтай Көлгіновті жергілікті халық тек білімді де білікті, іскер басшы ғана емес, жан-жақты, бірнеше шет тілін меңгерген, өнерлі жан, яғни сегіз қырлы, бір сырлы азамат  ретінде танып білуде. 


 

Screenshot_2016-05-09-15-08-43-1Бүгінгі Ұлы Жеңіс мерекесінде журналистер қауымы өңір басшысының тағы бір өнеріне куə болды. Ұлы Отан соғысының ардагерлерін құттықтай келген Алтай Сейдірұлы қолына қазақтың домбырасын алып, қарияларға мерекелік тарту ретінде Секен Тұрысбековтің "Көңіл толқыны" күйін нақышына келтіе орындап берді.

Əкім тартқан күйден əсерленген ардагерлер алғыстарын жаудырып, ризашылықтарын білдірді. Тіпті күмбірлеген күй əуеніне елтіген ардагерлердің атынан Əжіғұлов Мұхтар ақсақал да өнерін ортаға салды.

www.zhaikpress.kz

Айгүл Ахметова

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале