10.05.2016, 12:38
Оқылды: 39

БҚО əкімі және ҚР Парламент Сенатының депутаттары Киров су қоймасының жай-күйімен танысты

 akjayik.jpg02    Бүгін облыс əкімі Алтай Көлгінов, ҚР Парламент Сенатының депутаттары Ерболат Мұқаев пен Рашид Ахметов Ақжайық ауданындағы іссапарын Киров су қоймасының жай-күйін барлаудан бастады.


     Алғабас ауылдық округінде орналасқан су қоймасының сыйымдылығы 63 млн. текше/метр, ұзындығы 1750 метр. Су қоймасынан Киров-Шежін, Первомай, Бударин магистралды арналарына су жіберіледі.

     "Қазсушар" РМК БҚО филиалының директоры Нұрболат Жұмағалиевтің айтуынша, Ақжайық өзенінен келіп жатқан су көлемі қазіргі уақытта едəуір. Нұрболат Жұмағалиев Киров-Шежін су арнасын жөндеу, жаңғырту жұмысының 1-кезеңі аяқталуына байланысты 2-кезеңге жоспарланған 854 миллионнан астам қаражатты жеделдетіп бөлдіру қажеттігін айтты.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале